Наурыз мейрамын мерекелеу

Наурыз мейрамын мерекелеу

2018 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш – өнер кәсібі министрлігі мен ведомстволық бағынысты ұйымдар дайындаған Наурыз мейрамын мерекелеу «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК-ның аумағында өтті.

Киіз үйлер алаңға орнатылып, мерекелік концерт өткізілді.

Бағдарлама ауқымында мындай спорт түрлері; арқан тарту, тоғыз құмалақ, гір көтеру, асық ату, қазақша күрес, армреслинг, шахмат бойынша байқаулар өткізілді. Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің және «Резерв» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлері барлық жарыстарға қатысты.

«Асық ату» ойынында «Резерв» РМК заң басқармасының жетекші маманы Айтуғанұлы Жантөре бірінші орынды женіп алды, екінші орынға «Резерв» РМК күрделі құрылыс бөлімінің бас маманы Досан Қайрмұханбетов ие болды.

«Резерв» РМК Мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы Жандос Төлепберген бірнеше конкурс түрлеріне белсенді қатысты. Ол «Қазақша күрес», «Aрмреслинг» жарыстарында үшінші орынға ие болды.

Командалық іс-шараларда Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің ұжымі «Арқан тарту» ойынында үшінші орынды иеленді.