Халықаралық Әйелдер күні ММРК-де

Халықаралық Әйелдер күні ММРК-де

2021 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінде, карантиндік шаралар сақтала отырып, 8 наурыз Халықаралық Әйелдер Күніне арналған іс-шара өткізілді.

Іс-шараға Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мен оның ведомстволық бағынысты ұйымы «Резерв» РМК-ның барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.

Осындай тамаша күні ұжымның ерлер бөлігі Комитет пен «Резерв» РМК қыздарын гүл шоқтарымен қарсы алды. Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының міндетін атқарушы Н.М. Иманбаев қыздар ұжымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады, соңынан тағдырларын азаматтық қорғау саласы органдарындағы қызметпен байланыстырған мына әйел-әріптестер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.