
31 наурызда Комитетте «SHAKISH Consulting Group» компаниясының директоры Казбек Данагулович Шакишевтің, Комитеттің әдеп жөніндегі уәкілі Е.А. Қыдыралиевтің, «Резерв» РМК комплаенс-офицері Ж.С. Салимбаевтің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта семинар өтті.
Семинар интерактивтік стратегиялық сессия форматында өтті. Басты мақсат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің және дайындаудың негізгі тұстарын түсіндіру. Интерактивтік сессияның нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің стратегиясы пысықталды.