Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

     2025 жылғы 17 қазанда Комитетте Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Биыл құтқару қызметтерінің құрылуына 30 жыл толып отыр.

     Мереке құрметіне Комитет пен «Резерв» РМК қызметкерлеріне, ардагерлерге адал еңбегі және азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін ведомстволық наградалар табыс етілді. Мерекелік атмосфераны ұжым үшін ұйымдастырылған концерт толықтырды.

     Комитет әріптестерді кәсіби мереке – Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күнімен құттықтайды. Зор денсаулық, мол табыс, сәттілік, отбасыларыңызға амандық, құт-береке, бақыт тілейміз!