«Өмір тамшысы» - жалпы іске қосқан үлес

«Өмір тамшысы» - жалпы іске қосқан үлес

      «Қазақстан ТЖМ-нің 30 жылдығына арналған 30 игі іс» іс-шаралар жоспары шеңберінде, сондай-ақ «Өмір тамшысы» донорлық марафонының акциясын қолдау мақсатында ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің қызметкерлері «Резерв» РМК әріптестерімен бірлесіп қан тапсыруға қатысты.

       Бастама денсаулық сақтау жүйесін қолдауға және адам өмірін сақтауға бағытталған. Комитет акцияның барлық қатысушыларына белсенді азаматтық ұстанымы және ортақ іске қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.