Қазақстан Республикасының делегациясы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі Мемлекетаралық кеңесінің 45-ші сессиясына қатысты

Қазақстан Республикасының делегациясы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі Мемлекетаралық кеңесінің 45-ші сессиясына қатысты

2023 жылғы 4-6 қазан аралығында Витебск қаласында (Беларусь) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі Мемлекетаралық кеңесінің (бұдан әрі – Мемлекетаралық кеңес) 45 – ші сессиясы өтті.

Қазақстан Республикасының Мемлекетаралық кеңестегі ресми делегациясын Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Төрағасы Қажымұқан Бекмұқашев басқарды. Мемлекетаралық кеңестің жұмысына қазақстандық делегация құрамында Комитет пен «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК өкілдері қатысты.

Сессияға қатысушылар Мемлекетаралық кеңес отырысында қараған негізгі мәселелер:

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кеңістіктік деректер инфрақұрылымының геопорталын құру тұжырымдамасын іске асыру;

мемлекетаралық кеңестің Хатшылығы мен жұмыс топтары қызметінің сессияаралық кезеңдегі нәтижелері;

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласында кадрлар даярлау жөніндегі базалық ұйымы – Мәскеу мемлекеттік геодезия және картография университеті (ММГКУ) қызметінің нәтижелері;

Мемлекетаралық кеңес қызметі шеңберінде жобалардың паспорттарын бекіту.

Мемлекетаралық кеңестің 45-ші сессиясы аясында қатысушылар кеңістіктік деректердің ұлттық жүйелерін құру саласындағы практикалық тәжірибелерімен алмасты.

Мемлекетаралық кеңес жұмысының қорытындысы бойынша мүшелер қорытынды құжаттарға қол қойды.

Қазақстан Республикасы Мемлекетаралық кеңесінің хаттамасына сәйкес 2024 жылы өтетін Мемлекетаралық кеңестің 46-сессиясына Төрағалық етуші болып сайланды.