Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңесінің XLV сессиясы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңесінің XLV сессиясы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі Мемлекетаралық кеңесінің кезекті XLV сессиясы 2023 жылғы 4-6 қазаннан бастап Витебск қаласында (Беларусь) өтеді.

Отырыс жұмысына Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің төрағасы - Бекмұқашев Қажымұқан Ахматдинұлы бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы қатысады.

Мемлекетаралық кеңесте Мемлекетаралық Кеңестің XLIV сессиясының шешімдерін орындау мәселелері қаралады, сессияаралық кезеңде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің картографиялық – геодезиялық қызметтерінің қызметі туралы хатшылық пен Мемлекетаралық Кеңестің жұмыс топтары қызметінің нәтижелері туралы, кеңістіктік деректердің ұлттық жүйелерін құру салаларында тәжірибе алмасу мәселелері, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Геодезия саласында кадрлар даярлау жөніндегі базалық ұйымы қызметінің нәтижелері, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау – Мәскеу мемлекеттік геодезия және картография университеті (ММГжКУ), ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің геопорталы мен кеңістіктік деректерін құру тұжырымдамасын іске асыру туралы баяндамалар тыңдалады.

Сессия жұмысына Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының картографиялық-геодезиялық қызметтерінің басшылары мен өкілдері, ТМД Атқарушы комитетінің өкілі қатысады.