Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Геодезия және картография комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі Сағындық Батырбек Жоламанұлы «Мемлекеттік қызметтегі этикалық көшбасшылық» тақырыбында семинар ұйымдастырды

Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Геодезия және картография комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі Сағындық Батырбек Жоламанұлы «Мемлекеттік қызметтегі этикалық көшбасшылық» тақырыбында семинар ұйымдастырды

Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Геодезия және картография комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі Сағындық Батырбек Жоламанұлы «Мемлекеттік қызметтегі этикалық көшбасшылық» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

Семинар спикері М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің Стратегия және HR Басқармасы Төрағасының орынбасары Айнұр Бағдатқызы Карибозова болды.

Семинардың мақсаты:

-  мемлекеттік қызметшінің адамгершілік-әдептілік бейнесін құраушы құндылықтарды жетілдіру;

-  мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру;

- Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшілердің беделі мен мәртебесін арттыру.

Бүгінде мемлекеттік қызметті түбегейлі жаңғыртудың негізгі мақсаты – халыққа шынайы, адал, ашық қызмет көрсететін, бюрократияға жол бермейтін сервистік сипаттағы мемлекеттік аппарат қалыптастыру. Осы орайда, Мемлекет басшысы атап өткен «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» ұстанымының маңызы зор.

Мемлекеттік қызметті заман талабына сай түбегейлі жаңғырту тек құқықтық нормативтік құжаттарға өзгертулер енгізумен шектелмейді. Мұндағы басты  міндеттердің бірі – мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіру.  Мемлекеттік қызметшінің тұлғалық болмысы қоғамға үлгі болуы қажет.

Тұлғалық болмыстың жетілуі ол – өзін-өзі танып, адам өмірін құраушы құндылықтық, мәндік қасиеттерді қайта жаңғырту. Әрбір мемлекеттік қызметші кәсіби қызметінде осыған ұмтылуы тиіс.

Осыған байланысты, семинарда мемлекеттік қызметшінің адамгершілік-әдептілік бет-бейнесі қандай болу керек, қазіргі кезде өз арамызда күнделікті жұмыс барысында болсын немесе өз ара қарым-қатынасымызда осы адамгершілік құндылықтар  бойымызда бар ма деген сұрақтар көтерілді.

Қатысушылар семинарға белсенді қатысып, мемлекеттік қызмет туралы өз пікірлерін білдірді.

Қорытындай келе, этикалық көшбасшылық, соның ішінде мемлекеттік қызметтегі этикалық көшбасшылық бұл ең алдымен адам өмірі мен келешегіне әсер ететін шешімдердің дұрыс қабылдануы.

Дұрыс шешім қабылдауға жеке, ұжымдағы, қоғамдағы этикалық құндылықтар тікелей әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан осы тақырыптың өзектілігі жоғары.