Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақстан Республикасында геодезия және картография саласын дамыту» тақырыбындағы ғылыми семинар өтті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақстан Республикасында геодезия және картография саласын дамыту» тақырыбындағы ғылыми семинар өтті

2023 жылдың 04 сәуірінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңірген геодезисті Сағындық Марал Жанәбілқызының 70 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан Республикасында геодезия және картография саласын дамыту» тақырыбындағы ғылыми семинар өтті.

Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің қызметкерлері қатысты.