Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография және кеңістіктік деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары мақұлданды

2022 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография және кеңістіктік деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары мақұлданды.

Заң жобаларының негізгі міндеттері елді жоғары дәлдіктегі геодезиялық координаттар жүйесімен қамтамасыз ету және оның негізінде елдің бірыңғай цифрлық картографиялық негізін құру болып табылады. Қазақстанда 1942 жылғы мемлекеттік координаттар жүйесі орнатылған.

Заң жобалары кеңістіктік деректердің ұлттық инфрақұрылымын енгізуді көздейді, яғни бір платформада дәйекті, жедел және өзекті ақпаратты тиімді пайдалану үшін бірыңғай форматта және бірыңғай талаптар бойынша кеңістіктік деректер құрылатын болады.

Негізгі Заң жобасын іске асыру нәтижесі жер қатынастары, сәулет, құрылыс, табиғат пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, геология, тұрғын үй-коммуналдық және ауыл шаруашылығы саласында халыққа көрсетілетін қызметтердің жеделдігі мен сапасын арттыру, адал бәсекелестік үшін жағдайлар жасау, мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың тиімділігі мен жеделдігін арттыру болып табылады.