SmartGeoExpo 2022 көрмесі аясында «Кеңістіктік деректердің ұлттық инфрақұрылымын құру» тақырыбында семинарға қатыстық

SmartGeoExpo 2022 көрмесі аясында «Кеңістіктік деректердің ұлттық инфрақұрылымын құру» тақырыбында семинарға қатыстық

2022 жылғы 31 қазан мен 4 қараша аралығында Сеул қаласында (Корея Республикасы) SmartGeoExpo 2022 көрмесі аясында «Кеңістіктік деректердің ұлттық инфрақұрылымын құру» тақырыбында семинар өтті.

Қазақстан Республикасы делигациясының құрамында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің Кеңістіктік деректерді дамыту басқармасының басшысы Л. С. Сатыбалдина қатысты.

Семинар дамушы мүше елдердегі (ДМЕ) ұлттық кеңістіктік деректерді, инфрақұрылымды құруға жүйелі электрондық басқару шеңберіндегі кешенді көзқарасты ілгерілетуге бағытталған. Қатысушылар интерактивті сессиялар арқылы тиісті цифрлық үкіметтік жүйелерді байланыстыратын біртұтас көрініспен кеңістіктік деректердің интеграцияланған ұлттық инфрақұрылымын дамытудағы мүмкіндіктер мен қиындықтар туралы білді. Семинарға үкіметтерден, халықаралық даму серіктестерінен, ғылыми ортадан және жеке сектордан 40-қа жуық ДМЕ қатысушылары қатысты.