Қазақстан Республикасының делегациясы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі Мемлекетаралық кеңесінің 44-ші сессиясына қатысты

Қазақстан Республикасының делегациясы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі Мемлекетаралық кеңесінің 44-ші сессиясына қатысты

2022 жылғы 24 қазанда Ереван қаласында (Армения Республикасы) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі Мемлекетаралық кеңесінің (бұдан әрі – Мемлекетаралық кеңес) 44 – ші сессиясы басталды.

Қазақстан Республикасының Мемлекетаралық кеңестегі ресми делегациясын Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Төрағасы Қажымұқан Бекмұқашев басқарды. Мемлекетаралық кеңестің жұмысына қазақстандық делегация құрамында Комитет пен «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК өкілдері қатысты.

Сессияға қатысушылар Мемлекетаралық кеңес отырысында қараған негізгі мәселелер:

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кеңістіктік деректер инфрақұрылымының геопорталын құру тұжырымдамасын іске асыру;

мемлекетаралық кеңестің Хатшылығы мен жұмыс топтары қызметінің сессияаралық кезеңдегі нәтижелері;

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласында кадрлар даярлау жөніндегі базалық ұйымы – Мәскеу мемлекеттік геодезия және картография университеті (ММГКУ) қызметінің нәтижелері;

Мемлекетаралық кеңес қызметі шеңберінде жобалардың паспорттарын бекіту.

Мемлекетаралық кеңестің 44-ші сессиясы аясында қатысушылар кеңістіктік деректердің ұлттық жүйелерін құру саласындағы практикалық тәжірибелерімен алмасты.

Мемлекетаралық кеңес жұмысының қорытындысы бойынша мүшелер қорытынды құжаттарға қол қойды.