Digital Bridge халықаралық форумы аясында геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы панельдік сессия өтті

Digital Bridge халықаралық форумы аясында геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы панельдік сессия өтті

Digital Bridge халықаралық форумы аясында геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы панельдік сессия өтті.

Қазақстан координаттар мен биіктіктерді есептеудің спутниктік  технологияларына өту бойынша ауқымды жобаны іске асыруға кірісті

 

«Digital Bridge» халықаралық форумы – Қазақстандағы IT саласындағы ең ірі іс-шаралардың бірі, онда Мемлекет басшысы, халықаралық IT қоғамдастықтың жетекшілері, қазақстандық және шетелдік технология сарапшылары, цифрлық даму саласындағы мамандар, IT-компаниялар мен стартаптар, венчурлық инвесторлар, технологиялық кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

2018 жылдан бері өтіп келе жатқан форум аясында технопарктер көрмесі, IT стартаптар аллеясы, IT мектептерінің көрмесі, IT бос орындар жәрмеңкесі, Astana Hub Battle байқауы, VR, GameDev алаңдары, стартаптарға арналған TikTok офлайн платформасы сияқты ауқымды шаралар бар. Көптеген панельдік сессияларда жетекші халықаралық сарапшылар IT әлеміндегі өзекті мәселелерді талқылайды.

Ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Астана қаласы әкімдігі және Astana hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің қатысуымен.

Форумның бас демеушісі – Kaspi.kz. Демеушілер мен серіктестер – Қазақтелеком, Freedom bank, Tengizchevroil, My Car, Tech culture, Huawei, G42, Halyk Bank, Bigroup, Prime source, Glovo, SF, Leica, BI Group, OneWeb, Citix.

 

29 қыркүйекте Digital Bridge халықаралық форумы аясында «Кеңістіктік деректер – цифрлық мемлекеттің негізі» атты геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы панельдік сессия өтті.

Панельдік сессиясының спикерлері болып Leica Hexagon, Thales Alenia Space, KazAeroSpace, EOSpatial, Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығының өкілдері сөз сөйледі.

«Кеңістіктік деректер – цифрлық мемлекеттің негізі» панельдік сессияда кеңістіктік деректерді дамыту стратегиясы, координаттардың, биіктіктердің және гравитацияның мемлекеттік есептеу жүйелерін құрудың ғылыми негіздері, әуе және жердегі лазерлік сканерлеу технологиялары, Жерді қашықтықтан зондтау деректер базасын пайдалану, Астана қаласының цифрлық егізін құру тәжірибесі талқыланады.

«Қазақстан координаттар мен биіктіктердің қазіргі заманғы есептеу жүйелеріне өту бойынша ауқымды жобаны іске асыруға кірісті», - дейді «Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы» (NSDI) жобасының жетекшісі Фараби Ермеков (Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы). Жоба координаттар мен биіктіктер жүйелерін орнату, эллипсоидты, картографиялық проекцияны және басқа да датумдарды таңдау, әртүрлі координаттар жүйелері арасында өту параметрлерін (кілттерін) анықтау сияқты жоғары геодезия мәселелерін шешуді қарастырады.

Абзал Жамалов («EOSpatial» геокеңістіктік технологиялар және аэроғарыштық мониторинг саласындағы қазақстандық сервистік компания) кеңістіктік деректер саласындағы даму тенденцияларын атап өтті: «Карталар ХХ ғасырдағы кеңістіктік ақпараттың негізгі көзі болып табылады. GeoServices – ХХІ ғасырдағы кеңістіктік ақпараттың негізгі көзі», «Цифрлық кеңістіктік деректер күнделікті қызметтердің көзі болып табылады, мысалы, 2GIS, Glovo, Wolt, Facebook, Instagram, Google Maps, Yandex Maps, Yandex Taxi, Yandex Navigator, Strava және т.б.».

Сондай-ақ, Бағлан Қазиев («KazAeroSpace» қазақстандық аэроғарыштық компания, Назарбаев Университетінің резиденті, «Астана-Технополис» ЕЭА-ға кіре): «Астана қаласының цифрлық егізінің құрамымен таныстырды: 2D және 3D форматындағы 1:10 000-нан 1:500-ге дейінгі масштабтағы цифрлық карталар, 80-нен астам цифрлық картографиялық қабаттар, Мемлекеттік жер кадастры, қалақұрылысы кадастры автоматтандырылған ақпараттық жүйелері және т.б. мемлекеттік деректер базаларымен интеграциялау».