Digital Bridge халықаралық форумы

Digital Bridge халықаралық форумы

Digital Bridge халықаралық форумы шеңберінде 2022 жылғы 29 қыркүйек күні сағ. 12:00-де Kyrgyzstan залында «Кеңістіктік деректер – цифрлық мемлекеттің негізі» панельдік сессиясы өтеді.

Панельдік сессияда кеңістіктік деректерді дамыту стратегиясы, координаттардың, биіктіктердің және гравитацияның мемлекеттік есептеу жүйелерін құрудың ғылыми негіздері, әуе және жердегі лазерлік сканерлеу технологиялары, Жерді қашықтықтан зондтау деректер базасын пайдалану, Астана қаласының цифрлық негізін құру тәжірибесі талқыланады.

«Кеңістіктік деректер – цифрлық мемлекеттің негізі» панельдік сессиясының спикерлері Leica Hexagon, Thales Alenia Space, KazAeroSpace, EOSpatial, Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығының өкілдері болады.