ТМД қатысушы мемлекеттердің Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау бойынша Мемлекетаралық кеңесінің XLIII сессиясының пресс-релизі

ТМД қатысушы мемлекеттердің Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау бойынша Мемлекетаралық кеңесінің XLIII сессиясының пресс-релизі

14 қазанда бейнеконференц байланысы арқылы ТМД қатысушы мемлекеттердің Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау бойынша Мемлекетаралық кеңесінің XLIII сессиясы өтті. Сессия барысында келесі сұрақтар қарастырылды:

  1. ТМД қатысушы мемлекеттердің Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау бойынша Мемлекетаралық кеңесінің XLII сессиясы шешімдерінің орындалуы туралы, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сессияаралық кезеңдегі картографиялық-геодезиялық қызметтерінің жұмысы туралы;
  2. Сессияаралық кезеңдегі Мемлекетаралық Кеңес Хатшылығы мен жұмыс топтары қызметінің нәтижелері туралы;
  3. Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласында кадрлар даярлау бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің базалық ұйымы – Мәскеу мемлекеттік геодезия және картография университеті қызметінің нәтижелері туралы;
  4. Мемлекетаралық кеңес қызметі шеңберінде жобалар паспорттарын қарау;
  5. Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің базалық ғылыми-техникалық ұйымы туралы ереженің жобасы туралы;
  6. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Геодезия, картография, геоақпараттық технологиялар, Жерді қашықтықтан зондтау, кадастр және құқықтарды тіркеу саласындағы ынтымақтастығының 2025 жылға дейінгі Тұжырымдамасы және Мемлекетаралық кеңес қызметінің 2025 жылға дейінгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары ("жол картасы") туралы;
  7. Мемлекетаралық Кеңес қызметі шеңберінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің картографиялық – геодезиялық қызметтерінің жұмысы туралы буклет әзірлеу туралы ТМД-ның 30 жылдығына орай;
  8. Мемлекетаралық кеңестің 2022 жылға арналған төрағасын сайлау, Мемлекетаралық кеңестің XLIV сессиясын өткізу күні, орны туралы.
  9. Мемлекетаралық кеңестің XLIII сессиясының қорытынды құжаттарын қабылдау.

Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау бойынша Мемлекетаралық кеңесі 1992 жылы құрылды. Оның құрамына Әзербайжанның, Арменияның, Беларусьтың, Кырғызтанның , Молдованың, Ресейдің, Тәжікстанның, Өзбекістанның өкілдері кіреді. Түрікменстан мен Украина кенес жұмысында бақылаушы ретінде қатысады.

Кенес геодезия, картография, кадастр және жерді қашықтықтан зондтау саласында келісілген саясат жүргізеді, сәйкесінше құқықтық-техникалық құжаттама әзірлейді. Сонымен қатар, ТМД үкімет басшылары Кеңесінің қарауы және ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша шешім қабылдау үшін мүдделі мемлекеттің министрліктері мен ведомстваларымен бірге қарастыру үшін өз құзіреті шегіндегі сұрақтар бойынша ұсыныстар дайындайды.