Германия Федеративтік Республикасы елшісінің тұрақты орынбасарының кеңесшісімен кездесу өткізілді

Германия Федеративтік Республикасы елшісінің тұрақты орынбасарының кеңесшісімен кездесу өткізілді

Ағымдағы жылы 11 сәуірде Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінде (бұдан әрі-Комитет) Комитет төрағасының міндетін атқарушы Е. Абулхатин Германия Федеративтік Республикасы елшісінің тұрақты орынбасарының кеңесшісі Улрьрих Киннмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында елімізде қызмет жасап жатқан неміс компанияларымен Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының сақталуы, жұмыскерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға қатысты мәселелер талқыланды.

Өз кезегінде Е. Абулхатин Комитет тарапынан неміс компанияларына қатысты туындаған мәселелер бойынша ҚР заңнамасын түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша көмек көрсетуге дайын екендігін атап көрсетті.