Салалық кәсіподақта түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Салалық кәсіподақта түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында еңбек заңнамасын бақылау басқармасының басшысы Жанболат Камалиевич Мукушев еңбек құқығының өзекті нормаларын, сондай-ақ қызметкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кәсіподақтармен өзара іс-қимыл тәжірибесін түсіндірді.

Еңбек құқықтарының сақталуы және оларды қорғау тетіктері мәселелеріне ерекше назар аударылды.