Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Еңбек инспекциясы комитетінің аумақтық департаменттерімен панельдік сессия өткізді

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Еңбек инспекциясы комитетінің аумақтық департаменттерімен панельдік сессия өткізді

Ағымдағы жылдың 24 ақпанында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Ахметов М.М. Еңбек инспекциясы комитетінің аумақтық департаменттерімен Панельдік сессия өткізді. Сессия барысында 2025 жылы мемлекеттік еңбек инспекторларының атқарған жұмыстарының қорытындылары шығарылып, 2026 жылға арналған міндеттер айқындалды.

Өңірлердегі кәсіпорындарда қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу және өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндамалармен Астана және Алматы қалаларының, сондай-ақ Маңғыстау, Алматы, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары департаменттерінің басшылары сөз сөйледі.