«QSR» ЖШС (Burger King) қызметкеріне қатысты жағдай туралы

«QSR» ЖШС (Burger King) қызметкеріне қатысты жағдай туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті аталған жағдайдың ведомство бақылауында екенін хабарлайды.

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Әлібек Қаратайдың тұрғылықты жеріне барды. Қызметкердің әкесімен телефон арқылы сөйлесу барысында өтініш беру тетіктері мен еңбек заңнамасында көзделген кепілдіктер жөнінде жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жұмыс берушіден алынған ақпаратқа сәйкес (“QSR” ЖШС (Burger King)), ұйым ішінде қызметтік тексеру жүргізілуде. Тексеру кезеңінде басшылардың бірін уақытша қызметінен шеттету туралы шешім қабылданды.

Алдағы уақытта жағдайдың даму барысы қосымша хабарланатын болады.