
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған онлайн форматтағы жиын өтті. Басқосуда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев баяндама жасады.
Кездесу барысында Министр жаңа Конституция жобасы қоғам сұранысын ескере отырып әзірленгенін атап өтті. Сондай-ақ, құжаттың әлеуметтік-еңбек саласына қатысты маңызды тұстарына да тоқталды.
Жиынға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігіМемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы М.М. Ахметов және төрағаның орынбасарлары Е.М. Абулхатин және Қазақбаев С.Қ. қатысты.