Еңбек заңнамасының талаптарын сақтау: Алматы облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті Жетісу облысымен бірлесіп Заңды тұлғалардың салалық бірлестігімен, кәсіподақтар конфедерациясымен және жұмыс берушілермен кеңес өткізді

Еңбек заңнамасының талаптарын сақтау: Алматы облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті Жетісу облысымен бірлесіп Заңды тұлғалардың салалық бірлестігімен, кәсіподақтар конфедерациясымен және жұмыс берушілермен кеңес өткізді

Ағымдағы жылдың 1 тамызында Талдықорған қаласы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы ғимаратында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірінші вице-министрі А.Ертаевтың және Министрліктің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасы М.Ахметовтың тапсырмаларына сәйкес, Жетісу және Алматы облыстарының мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменттерінің бастамасымен, облыс аумағында кәсіподақтар конфедерациясы, кәсіподақтар бірлестіктері мен жұмыс берушілер, кәсіпорын өкілдерімен және өзге де заңды тұлға бірлестіктерімен әлеуметтік шиеленістер және дауларының алдын алу, сондай-ақ еңбек заңнамасының сақталуы бойынша алғашқы бірлескен семинар-кеңесті өткізілді.

Кеңестің басты миссиясы - еңбек заңнамасы талаптарын сақтау, инспекция мен кәсіподақтар арасындағы өзара іс-қимылды өзектендіру, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек құқықтарын бірлесіп қорғауды қамтамасыз ету.

Кездесу соңында аумақтық Департаментер басшылары Б.Молдахметов пен Т.Өміралиев және Облыстық Кәсіподақ төрағасы А.Қыдырманов еңбек даулары мен өндірістік жарақаттанудың алдын алу, жалақыны уақтылы төлеу, жазатайым оқиғалардан сақтандыру және еңбек шарттарын электронды нұсқада уақытылы рәсімдеу мәселелерін айтты.