Әлеуметтік әріптестік – жұмыскерлер құқықтарын қорғаудың кепілі: Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті кәсіподақтармен кездесу өткізілді

Әлеуметтік әріптестік – жұмыскерлер құқықтарын қорғаудың кепілі: Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті кәсіподақтармен кездесу өткізілді

2025 жылғы 30 шілдеде «Батыс Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы» АКБ алаңында әріптестік пен сындарлы диалог жағдайында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы А.Т.Досжанов облыстағы салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы «PARYZ» Ұлттық Жұмыс конфедерациясының БҚО өңірлік өкілінің қатысуымен кездесу өткізді.

Кездесуде еңбек құқықтарын қорғау, лайықты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Қазіргі жағдайда мемлекет, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы әлеуметтік әріптестіктің маңызы артып келеді. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы кәсіподақтар мен қоғамдық бірлестіктердің жұмыскерлердің құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етудегі, еңбек дауларының алдын алудағы және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтудағы маңызды рөлін айқындайды.

Кездесу барысында бірлескен профилактикалық жұмыстың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Ақапараттық-түсіндіру шараларын өткізу, еңбек заңнамасының негіздерін оқыту, еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру – бұл құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған тиімді қадамдар. Әрбір алдын алынған құқық бұзушылық – бұл жұмыскердің сақталған денсаулығы мен өмірі.

Еңбек қатынастарын орнықты әрі әділетті дамыту тек бірлескен күш-жігер арқылы жүзеге асады.

Кездесу соңында Еңбек инспекциясының кәсіподақтармен ашық әрі тұрақты өзара іс-қимыл жасауға дайын екендігі расталды: өтініштерге ден қою, еңбек даулары жөніндегі комиссиялардың отырыстарына қатысу және бұзылған құқықтардың қалпына келтірілуіне ықпал ету.

Біздің әріптестікті нығайту – елімізде әділетті, ашық әрі қауіпсіз еңбек қатынастарын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.