Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті Кәсіподақтар және жұмыс берушілер конфедерациясының салалық заңды тұлғалар бірлестігімен кеңес өткізді.

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті Кәсіподақтар және жұмыс берушілер конфедерациясының салалық заңды тұлғалар бірлестігімен кеңес өткізді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің аумақтық департаменттермен өткізген жиналысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Департаменттің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 30 шілдесі күні облыстық кәсіподақ ұйымдарының, «Парыз» жұмыс берушілер конфедерациясының өкілдерімен, өзге де заңды тұлғалар бірлестіктерімен семинар-кеңес өткізілді.

Мақсаты: Еңбек кодексі бойынша енгізілген өзгерістер, ұсыныстар, жазатайым жағдайлардың алдын-алу, еңбек дауларын болдырмау, еңбек заңнамаларының сақталуы туралы мәселелерге талдау жасау, түсіндірме беру, бірлесіп іс-шаралар өткізу.

Кездесу кіріспесінде Департамент басшысы Амангелды Салхудинұлы семинар-кеңеске қатысушыларды күн тәртібіндегі жоспарланған мәселелермен таныстыра отырып, Департаменттің 2025 жылдың 6 айында еңбек заңдылықтарының сақталу саласында атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Департамент басшысы өз баяндамасында еңбек қатынастары саласында мемлекеттік бақылаудың жай-күйі туралы ағымдағы жылдың жартыжылдығында атқарылған жұмыстарға талдау жасады. Атап айтқанда, тексеру жүргізілген арыз-шағымдар, орын алған өндірістік жарақаттардың мониторингі, жалақы берешегі, еңбек тәуекелдер картасы мен еңбек даулары, электрондық еңбек шарттары, оның ішінде шетел жұмыс күшінің еңбек шарттары туралы, сонымен қатар ұжымдық шарттарды электронды нұсқаға өткізуді жүйелеу бойынша түсіндірме беріп өтті.

Күн тәртібіндегі кезекті мәселе «ЕСУТД» жүйесі бойынша түсіндіру, еңбек кітапшасының жойылып, орнына электронды еңбек келісім шарты тіркелетінін, қалай тіркейтінін түсіндіру мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Туленов Мұхтар Өтегенұлы баяндама жасады.

Одан әрі, «Орын алған жазатайым жағдайда хабарлама беру, оның мерзімі, уақытылы бермеудің жауапкершілігі» тақырыбында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторлары Смадияр Алдияр Шаниярұлы және Серғазы Дамир Серғазыұлы еңбек тәуекелдер картасы (ЕТК) бойынша баяндама жасады.

Сонымен қатар, "Қызмет" мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы" Қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының төрайымы Есебаева Кулдар Аралбекқызы, Түркістан облысы "Кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Бахтыбаев Айдар Файзуллаұлы, Түркістан қаласы құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы комитетінің төрағасы, еңбек ардагері Шірікбаев Бектас Шірікбайұлы және басқа да кәсіподақ ұйымдарының басшылары тиісті сұрақтарын қойып, жауаптары алынды. Семинар-кеңес ашық сұрақ қою, ұсыныстар жасау диалогында өтті.

Жиын соңында Департамент басшысы жоғарыда баяндалған бағыттағы жұмыстар Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің қатаң бақылауына алынғандығын, сонымен қатар кәсіподақ ұйымдарының алдында тұрған басты мақсат — жұмысшыларға жайлы еңбек жағдайын туғызу қажеттігін атап өтті.