Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің кәсіподақтармен, «Парыз» жұмыс берушілер конфедерациясымен, салалық заңды тұлғалар бірлестіктерімен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі жұмыс жоспарын орындау мақсатында 2025 жылғы 30 шілдеде Астана қаласының Кәсіподақтар орталығында жұмыс кездесуі өткізілді.
Кездесуге Астана қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Е.С. Исмагулов, Астана қаласының Кәсіподақтар орталығының төрағасы Т.Н. Кунадилов, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры филиалының директоры А.Ж. Касенова, Қазақстан Республикасы Жұмыс берушілердің (кәсіпкерлердің) Ұлттық конфедерациясы «PARYZ» Бас директорының орынбасары Ш.К. Әбікенова, сондай-ақ құрылыс кешені мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік және банк мекемелері, ауыл шаруашылығы салалық кәсіподақтарының қалалық филиалдарының төрағалары қатысты.
Кездесу барысында құрылыс секторындағы бейресми жұмыспен қамтуды төмендету, кәсіпорындарда еңбек шарттарын ҚР Еңбек шарттарын есепке алу бірыңғай жүйесінде (ЕСУТД) тіркеу көрсеткішін арттыру, міндетті сақтандыру шарттарын жасасу, қолданыстағы ұжымдық шарттарды цифрландыру мәселелері талқыланды.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Е.С. Исмагулов қаладағы құрылыс алаңдарында жалдамалы жұмысшылардың көбінесе еңбек шартын жасамай жұмыс істейтініне ерекше назар аударды. Аталған жағдайға баса мән беріп, оны шешу бойынша ұсыныстар енгізу қажеттігін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша әлеуметтік әріптестер бірлескен жұмысты күшейтуге және құрылыс компанияларының басшыларын кезекті қалалық үшжақты комиссия отырысына шақыруға уағдаласты.