ҚР ЕжХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарының 12-тармағын орындау мақсатында, 2025 жылғы30 шілдеде сағат 10.00-де ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің ШҚО бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) “ШҚО кәсіподақ орталығы” АКБ ғимаратында кәсіподақтармен, "Парыз" жұмыс берушілер Конфедерациясы және заңды тұлғалардың салалық бірлестіктерімен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кеңеске ҚР ЕжХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің ШҚО бойынша департаментінің, “ШҚО кәсіподақ орталығы" АКБ, "Қызмет" мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" ҚБ ШҚОФ, ШҚО энергетика қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы, ШҚО мемлекеттік, банктік мекемелерінің және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы, кәсіпкерлік қызметкерлерінің кәсіподағы, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және қызмет саласы жұмысшыларының Шығыс Қазақстан жергілікті кәсіподағы, ШҚО Кәсіпкерлер Палатасы, "ШҚО Кәсіподақтар Достастығы" ҚБ, ШҚО бойынша орман, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі кәсіпорындарының Өңірлік қауымдастығы, "Шығыс Қазақстан облысының жұмыс берушілер қауымдастығы" жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігі, сондай-ақ "Парыз" ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы және т.б. өкілдері қатысты.
Күнтәртібіндеағымдағыжылдыңбіріншіжартыжылдығындағыжұмысқорытындысы бойынша Департаментбасшысыныңесебіқаралды.
Департамент басшысының есебін талқылау барысында қатысушылар әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған бірқатар ұсыныстар айтты.