Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің 2025 жылдың екінші жарты жылдығына арналған жұмыс жоспарына сәйкес кәсіподақтар және жұмыс берушілер конфедерациясы «Парыз» салалық заңды тұлғалар бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы өкілдерінің қатысуымен өзара әрекеттесу және ынтымақтастықта жұмыс жүргізу аясында 30-шілдесінде «Еңбек заңнамаларын қолданылу барысы» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңесті Шымкент қаласының Кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Әлтеев жүргізіп, жұмыскерлердің еңбек құқықтарының қорғалуының мән-жайына тоқталды.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы С.Алиманов еңбек инспекторларының осы жылдың алты айындағы жұмыстар бойынша баяндама жасады.
Сондай ақ, семинар-кеңесте еңбек тәуекелдер картасы, еңбек дауларының алдын алу және жалақы берешегін болдырмау бойынша пікір алмасып, өндірістік жарақаттың себеп салдарына талдау жасалынып, жұмыс берушілердің еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі электрондық базасына тіркеудің маңыздылығы айтылды.
Пікір алмасу барысында тараптар алдағы уақытта ынтымақтастықта жұмыс жүргізіп, жүйелі ақпарат алмасуға келісті.