Ағымдағы жылғы 30 шілдеде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті кәсіподақ өкілдерімен кездесу өткізді

Ағымдағы жылғы 30 шілдеде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті кәсіподақ өкілдерімен кездесу өткізді

 2025 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысының Кәсіподақтар орталығы ғимаратында кәсіподақ мүшелері үшін «Еңбекті қорғау және еңбек құқықтарын сақтау: заңнама, қауіпсіздік және жауапкершілік» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинарын өткізді.

Семинарға облыстың кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысып, еңбек қатынастарына қатысты бірқатар мәселелер талқыланды және еңбек заңнамасының өзекті нормалары бойынша түсіндірмелер берілді.

Диалог еркін форматта өтіп, семинарға қатысу құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға, сондай-ақ еңбек құқықтарын қорғау бойынша дағдыларды нығайтуға мүмкіндік берді.