Қазақстан Республикасы мен Арменияның еңбек инспекцияларын дамыту мәселелері бойынша екіжақты кездесуі

Қазақстан Республикасы мен Арменияның еңбек инспекцияларын дамыту мәселелері бойынша екіжақты кездесуі

Астанада өткен KIOSH-2025 Халықаралық конференциясы аясында Қазақстан Республикасы Еңбек мемлекеттік инспекциясы комитеті төрағасының м.а. Е.М. Абулхатын мен Армения Республикасының денсаулық сақтау және еңбек инспекциясы органының басшысы, Халықаралық еңбек инспекциясы ұйымы вице-президенті Славик Саргсянның кездесуі өтті. Диалог барысында тараптар ТМД елдері мен Моңғолияның еңбек инспекцияларының өңірлік альянсының қызметін, сондай-ақ еңбек заңнамасы саласындағы тәжірибені талқылады.

Екіжақты кездесу аясында Қазақстан Республикасында еңбек заңнамасы саласында цифрлық шешімдерді қолдану тәжірибесі қарастырылды.

Армения Республикасының денсаулық сақтау және еңбек инспекциясы органының басшысы Славик Саргсян Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларымен танысты. Атап айтқанда, оған «Еңбек қауіпсіздігі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі, еңбек заңнамасы саласындағы тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ), еңбек тәуекелдерінің картасы және кәсіпорындардың цифрлық картасы көрсетілді.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстан мен Арменияның еңбек инспекциясы саласындағы халықаралық тәжірибесін талқылады.