«Тәжен» өткізу бекеті 2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жеке тұлғалар үшін уақытша жабық

«Тәжен» өткізу бекеті 2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жеке тұлғалар үшін уақытша жабық

         Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап Өзбекстан Республикасының уәкілетті органдарымен келісім бойынша «Тажен» өткізу пункті арқылы жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктерге, автобустарға және жүк көтергіштігі 3,5 тоннаға дейінгі автокөлік құралдарына қозғалыс уақытша тоқтатылғанын еске салады.

         Бұл шешім азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өткізу пунктінде жүргізіліп жатқан құрылыс пен қайта жаңарту жұмыстарын жеделдету мақсатында қабылданды. Қазіргі уақытта нысанда ауқымды жұмыстар жүргізілуде: металл конструкцияларды орнату, инженерлік желілерді тарту, ғимараттарға күрделі жөндеу жасау.

        Қосымша ретінде, мамыр мен тамыз айлары аралығында «НК КазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ «Тажен» (Қазақстан) және «Даут Ата» (Өзбекстан) өткізу пункттері арасындағы бейтарап аймақта автожол құрылысын жүргізетін болады. Ұқсас жұмыстар Өзбекстан тарапынан да жүргізілуі жоспарланып отыр.

        Құрылыс жұмыстарының жалғасуына байланысты Қазақстан Республикасы Өзбекстан тарапына шекарадан өтуге қойылған шектеуді тағы 4 айға — 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзарту жөнінде ресми түрде ұсыныс білдірді. Өзбекстан бұл бастаманы қолдады.

       Азаматтардан сапарларын және маршруттарын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулерін сұраймыз.