Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру: ДКҰ сарапшыларының қатысуымен семинар

Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру: ДКҰ сарапшыларының қатысуымен семинар

       2025 жылғы 12-14 мамыр аралығында кедендік бақылауда тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіруге арналған семинар өтіп жатыр. Іс-шараға ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері, сондай-ақ кеден қызметтерінің мамандары қатысты. Семинар ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесі мен Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) қолдауымен өткізіліп жатыр.

      Іс-шараның мақсаты – қолданыстағы тәжірибелерді талдау, проблемалық аймақтарды анықтау және аналитиканың заманауи әдістерін, халықаралық тәжірибені және сыртқы экономикалық қызмет саласындағы өзекті сын-қатерлерді ескере отырып, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу арқылы кедендік әкімшілендірудегі тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін арттыру.

      Құттықтау сөзімен:

      - Абилова Ботагоз  – ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығының басшысы;

      - Нұраддин Муршудлу – Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисінің экономикалық-экологиялық бөлімінің меңгерушісі сөйледі.

       Сарапшылар ретінде ДКҰ-ның аккредиттелген сарапшылары шақырылды: Альпстен Андерс, Мохан Кумар, Срея Хонг.

       Семинар шеңберінде жасанды интеллектті қолдану мысалдары, жолаушылардың тәуекелдерін талдау, тәуекелдерді басқаруда сауда қатысушыларын санаттарға бөлу, сондай-ақ халықаралық пошта ағындарын, ішкі қатерлерді қоса алғанда, тәуекелдерді басқарудың басқа да өзекті мәселелері қаралыстырып жатыр.

       Дүниежүзілік кеден ұйымының тәуекелдерді басқару саласындағы соңғы әзірлемелеріне ерекше назар аударылады.

       Семинар белсенді түрде және пікірталаста өтуде.

       Бұл іс-шара тәуекелдерді басқару, тәжірибе алмасу және үздік тәжірибелерді енгізу саласындағы өзекті трендтерді талқылау алаң болып табылады.