Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) 2025 жылғы 13 мамыр сағат 21:00-ден 14 мамыр сағат 06:00-ге дейін «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ тарапынан Бірыңғай интернет шлюзі жабдығында техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.
Осыған байланысты, аталған уақыт аралығында Комитеттің келесі ақпараттық жүйелерінің: «ЭШФ», «АСТАНА-1», «Кеден», «СӘАЖ», «Е-терезе», «e-Salyq Azamat», «e-Salyq Business», «СТК» жүйелерінің уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін, сондай-ақ ҚР басқа мемлекеттік органдарымен «ЭҮСШ» арқылы интеграцияда қиындықтар туындауы мүмкін. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.