Мемлекеттік кірістер комитеті «Бәйге» атты жаңа акцияның өткізілетінін хабарлайды. Аталған акция аясында белгіленген кезеңде ең көп фискалдық чекті тіркеген жеке тұлғаларға 100 000 теңге көлемінде сыйақы беріледі. Акция 2025 жылғы 1 мамырдан бастап 31 желтоқсанға дейін бүкіл ел бойынша өткізіледі.
Әрбір тоқсанның қорытындысы бойынша әр өңірден (жалпы 20 жеңімпаз — әр облыс пен республикалық маңызы бар қаладан бір жеңімпаз) ең көп фискалдық чек сканерлеген азаматтарға 100 000 теңге көлемінде жүлде беріледі.
Акция тоқсан сайын өткізіледі:
Аталған акцияға қатысу үшін «Amian» мобильді қосымшасы арқылы тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге төленген чектерді тіркеу қажет.
Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды тұтынушы құқығын қорғау үшін бақылау-кассалық машиналардан берілетін чектерді талап етуге шақырады.