Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды айыппұл санкциялардан босату

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды  айыппұл санкциялардан босату

         ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында кедендік тексерулер мен кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру нәтижелері бойынша анықталған кеден саласындағы бұзушылықтар үшін сыртқы экономикалық қызметтің (СЭҚ) 129 қатысушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлайды.

        Өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда әкімшілік жауапкершілікке тартылған СЭҚ қатысушылар саны 233 немесе 64% - ға төмендеді.

       Төмендеудің негізгі факторлары бұзушылықтарды ерікті түрде жою болды.

       Кеден декларациясындағы мәліметтердің дәйексіздігі туралы мәлімдеме үшін декларант пен кеден өкілі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, атап айтқанда тауарларды дұрыс емес кедендік декларациялау үшін кедендік төлемдер мен салықтардың төленбеген сомасының 25% мөлшерінде айыппұл санкциясы көзделгенін атап өтеміз.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында декларант пен кеден өкілі әкімшілік жауаптылыққа тартылмайтын 8 жағдай көзделген, атап айтқанда:

       - белгіленген мерзімдер шегінде кедендік тексерулер немесе кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды ерікті түрде жою,

       - талап қою мерзімі ішінде бұзушылықтарды өз бетінше анықтау және ерікті түрде жою.

       Сондай-ақ бұзушылықтарды уақтылы жою осындай тексерулердің нәтижелері бойынша хабарламалар шығарылған күннен бастап оларды белгіленген мерзімде төлегенге дейін өсімпұл төлеуден босатады.

       СЭҚ қатысушылары бюджетке есептелген кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу және (немесе) кедендік декларацияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бұзушылықты дербес жоя алады.