«Алкоголь өнімдерін сақтауға, көтерме және бөлшек саудада өткізуге лицензия беру тәртібі» Баспасөз хабарламасы

«Алкоголь өнімдерін сақтауға, көтерме және  бөлшек саудада өткізуге лицензия беру тәртібі»  Баспасөз хабарламасы

Өтініштерді қабылдау және лицензиялар беру www.egov.kz электронды үкімет веб-порталы, «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы АЖ, http://internal.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары алкоголь өнімін сақтауға, көтерме және бөлшек саудада өткізуге лицензия береді (беру мерзімі – 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей).

Астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензия бергені үшін лицензиялық алымның мөлшерлемесі – 100 АЕК;

аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарда – 70 АЕК;

ауылдық жерлерде – 30 АЕК.

Алкоголь өнімдерін сақтауға және көтерме саудаға лицензия беру үшін лицензиялық алым мөлшерлемесі – 200 АЕК құрайды.

Құжаттар тізбесі:

- электронды құжат түріндегі өтініш;

- лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, денешынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарынан тысқары және аумақтарында орналасқан, меншік құқығындағы немесе уақытша иелік ету (пайдалану), өтеусіз пайдалану құқығындағы, тұрақты тұруға қарағанда өзге мақсатқа пайдалануға арналған стационарлық үй-жайлар (бөлшек саудада өткізу үшін), қойма үй-жайларын (көтерме саудада өткізу үшін) шартының электрондық көшірмесі;

- біліктілік талаптарына мәліметтер нысаны электрондық құжат нысанында толтырылады.

Анықтама үшін: Алым сомалары белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және уәкілетті мемлекеттік органға тиісті құжаттарды тапсырғанға дейін немесе лицензияны алғанға дейін алым төлеушінің орналасқан жері бойынша төленеді (БСК 105402).

Алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізу – алкоголь өнімін кейіннен тұтыну немесе коммерциялық емес пайдалану үшін фискальдық жады бар бақылау-касса машинасымен жарақтандырылған, сауда залымен жабдықталған стационарлық үй-жайларда және мейрамханалар, барлар мен дәмханалар аумағында, сондай-ақ жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінде, жолаушылар тасымалдайтын теңіз көлігі кемелерінде, жолаушылар пойызының вагон-мейрамханаларында жүзеге асырылатын сату.

Алкоголь өнімін көтерме саудада өткізу – алкоголь өнімін лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша қойма үй-жайларынан шектеусіз көлемде босату.