
2025 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (ҚР ҚМ МКК ОӘО) мен Өзбекстан Республикасы Экономика және Қаржы министрлігіне қарасты Кеден комитетінің Кеден институты (ӨР ЭҚМ КК КИ) арасындағы өзара іс-қимыл шеңберінде Қазақстан Республикасында «Қазақстандағы кедендік әкімшілендіру» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара гибридті форматта өтті - офлайн және онлайн қатысу.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстандағы кедендік әкімшілендірудің негізгі аспектілерін, оның ішінде тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыру тәртібін, уақытша сақтау қоймаларында сақтау шарттарын, еркін кедендік аймақтардың жұмыс істеуін, сондай-ақ Carnet ATA-ны іс жүзінде қолдануды кешенді зерттеу.
Семинарға Өзбекстан Республикасы Кеден институтының курсанттары мен оқытушылары (офлайн), сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер өңірлік органдарының қызметкерлері (онлайн форматта) қатысты.
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы Серғазиев Таңатар баяндама жасады. Презентация кедендік реттеудің негізгі аспектілерін қамтыды, оның ішінде:
Семинар қатысушыларға сұрақтар қоюға, тәжірибе алмасуға және сарапшылық кеңестер алуға мүмкіндік беретін интерактивті форматта өтті.
Мұндай іс-шаралар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы академиялық және кәсіби өзара іс-қимылды нығайтуға, кедендік реттеу саласындағы тәсілдерді біріздендіруге және кеден ісі саласындағы білім беру бағдарламаларын әзірлеуге ықпал етеді.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары және жоғары кәсіби пікірталастары үшін алғыстарын білдірді.