«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңмен ұсынылатын рәсімдердің өзектілігі төмендеген жоқ.
2023 жылы банкроттыққа тапсырған азаматтардың өтініштер саны 77 380, 2024 жылы – 83 057, ал 2025 жылдың 3 айында – 37 746 құрады. ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағаның орынбасары Сеилжан Ахметов ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» баспасөз конференциясында барасында хабарлады.
Азаматтарға банктер, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер және қарыз шарттары бойынша талап ету құқығына ие ұйымдар алдындағы қарыздардан құтылуға мүмкіндік беретін соттан тыс банкроттық рәсімі ең сұранысқа ие болып қала береді.
Аталған рәсім шеңберінде 2023 жылы – 8 255, 2024 жылы – 11 533, 2025 жылдың 3 айында – 2 366 азамат банкрот деп танылды.
Сот арқылы банкроттық рәсімі шеңберінде банкрот деп танылғандар саны да өсті. Мәселен, егер 2023 жылы тек 1 азамат банкрот деп танылса, 2024 жылы – 135, 2025 жылдың өткен кезеңінде - 23.
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану да өсу үрдісіне ие. 2023 жылы 1 адам рәсімді қолданған, 2024 жылы – 13 (оның 4-і жоспарды бекіткен), 2025 жылдың 3 айында – 17 (оның 2-і жоспарды бекіткен).
Осылайша, Заңның бүкіл қолданылу кезеңінде
120,4 млрд.теңге сомасына орындалмаған міндеттемелері бар 22,6 мың азамат банкрот деп танылды, 7 азамат жоспар шеңберінде жаңа кесте бойынша өз міндеттемелерін орындай отырып, төлем қабілеттілігін қалпына келтіруде.
Рәсімдерді жетілдіру бойынша жұмыс та жалғасып жатқанын атап өтеміз.
Бүгін Мәжілістің қарауында мыналарды көздейтін түзетулер бар:
- 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған қарыз шартына борышты реттеуді жүргізу туралы талап алынып тасталады (яғни ескі кредиттер бойынша реттеуді жүргізу фактісін растаудың қажеті жоқ);
- борышкер еш себепті көрсетпей, соттан тыс банкроттық рәсімін өз қалауы бойынша тоқтату құқығы беріледі (бұрын рәсімді тоқтату негіздерінде тек қаржылық жағдайдың жақсаруы көрсетілген);
- соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін банкроттың міндеттемелері олар кредиттік бюро базасында көрсетілген немесе көрсетілмегеніне қарамастан тоқтатылуға жатады (бұл кредиторлары кредиттік бюроға есеп бермейтін немесе дұрыс деректерді көрсетпейтін банкроттардың құқықтарын қорғайды).
Аталған түзетулер ағымдағы жылы іске асырылады деп күтілуде.
Соңында азаматтардың банкроттығы туралы фактілерге тоқталғым келді:
Алматы облысында ең көп өтініш берілген – 23 640 (бұл Республика бойынша барлық өтініштердің 11,8% құрайды), ең азы – Ұлытау облысында – 1 924 (1%). Бұл осы аймақтардағы халықтың тығыздығына байланысты.
Банкроттардың орташа жасы – 44 жас.
Ең жасы үлкен банкрот – 1943 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны, берешек сомасы 370 мың теңге.
Ең жас банкрот – 2005 жылы туған Астана қаласының тұрғыны, берешек сомасы 856 мың теңге.
Көбінесе ер азаматтар банкроттыққа жүгінеді, бұл барлық өтініштердің 52% құрайды.
Берешегі ең көп банкрот Астана қаласының тұрғыны болып табылады. Қарыз сомасы 2,1 млрд. теңгені құрайды. Бүгінгі күні оны банкрот деп тану туралы шешімге кредитор шағымданып, сотта қаралуда және бұл сома 2007 жылы алынған несиелік қарыздың бағамдық айырмашылығына байланысты үлкен.
Берешектің ең аз сомасы бар банкрот Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының тұрғыны болып табылады. Оның қарызы 200 мың теңгені құрайды.
Барлық банкроттардың ішінде 1 342 азамат (5%) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылады, ал 9 891 адамның (немесе 44%) 5 жылдан астам уақыт бойы төленбеген қарыздары болды.