14 наурыз – Көрісу күні.
Бұл күнді кей жерлерде «Амал» деп те атайды. Бұл күні адамдар таңнан бастап үй аралап, үлкендерге сәлем беріп, бір-бірін амал мерекесімен құттықтайды. Көшпелі ғұмыр кешкен ата-бабамыз, алты ай қыстан аман-есен шығып, көктемге иек артқан шақта - ағайынды іздеп барып, амандық сұрасады. Төс қағыстырып, «Бір жас қосуыңмен», «Жас құтты болсын!» деген тілектер айтады.
Көрісу күні – тек амандық сұрау ғана емес, сонымен қатар өткенді еске алып, жаңа бастамаларға батыл қадам басатын күн. Құтты болсын!
Баршаңызға қуаныш, тыныштық және табыс тілейміз!