Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 2025 жылдың 8 наурыз және 21-23 наурыз аралығында жұмыс істемейді

Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 2025 жылдың 8 наурыз және 21-23 наурыз аралығында жұмыс істемейді

        Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасында 2025 жылғы 8 наурыз күні «Халықаралық әйелдер» және 21-23 наурыз аралығы «Наурыз мейрамын» мерекелеуге байланысты қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлайды.

       Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

       Тасымалдаушылар мен барлық  шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.