Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық және кедендік әкімшілендіру мақсатында Smart Data Finance үлкен деректерін сақтау және өңдеу жүйесінде жинақталатын сыртқы көздерден өзекті деректерді үздіксіз алауда.
Smart Data Finance әзірлеуінде ақпарат ағындарын тиімді басқаруға мүмкіндік беретін үлкен деректер саласындағы заманауи тәсілдер мен технологиялар пайдаланылды. Мысалы, кейінгі талдау үшін деректерді өңдеу, тексеру және құрылымдау, тексерілген және өзекті мәліметтерді Комитеттің басқа жүйелеріне және сыртқы тұтынушыларға беру, неғұрлым нақты талдау жүргізу және салықтық бұзушылықтарды анықтау.
Бүгінгі таңда мемлекеттік органдармен және ұйымдармен 55-тен астам интеграциялық өзара іс-қимыл жүзеге асырылды.
Осылайша, жылжымайтын мүлік объектілері мен көлік құралдары бойынша біріктірілген деректер базасында инспектордың қатысуынсыз салықтарды автоматты түрде есептеу толық жүзеге асырылды.
Сондай-ақ, Smart Data Finance-те 569 мың заңды тұлға мен 1,8 млн. астам жеке кәсіпкердің цифрлық бейінін қалыптастыруға мүмкіндік беретін салық төлеушінің деректері іске асырылды.
Ойын бизнесі мәселелері жөніндегі заң шеңберінде букмекерлік кеңселермен интеграция қамтамасыз етілді, бұл қатысушылардың барлық ұтыстарын нақты уақыт режимінде бақылауға және салықтардың толық төленуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Көлеңкелі экономикамен күресу мақсатында жеткізушілер тізбегін 15 деңгейге дейін қадағалау моделі іске асырылды, бұл жалған шот-фактураларды жазумен тиімді күресуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асырудың бекітілген қағидалары шеңберінде валютаны репатриациялауды бақылауды жүзеге асыру кезінде мониторингке, ашықтықты арттыруға және шешімдер қабылдауға арналған валюталық бақылауды жүргізу бөлігінде функционал әзірленді.