Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 2025 жылдың 27 қаңтарынан 1 ақпанына дейін жұмыс істемейді

Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 2025 жылдың 27 қаңтарынан 1 ақпанына дейін жұмыс істемейді

        Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚХР-да Көктем Мерекесіне байланысты 2025 жылғы 27 қаңтардың сағат 20:00-ден, 2025 жылғы
1 ақпанның  сағат 08:00-ге дейін, қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды.

       Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

       Тасымалдаушылардан және барлық  шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.