Құрметті достар!
Сіздерді Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, амандық, қуаныш пен сарқылмас күш-қуат тілейміз!
2025 жыл үлкен жетістіктердің, табысты жобалардың және жаңа мүмкіндіктердің жылы болып, көп қуаныш әкелсін және ең асыл армандарыңыздың орындалуына септігін тигізсін!
Сіздің шаңырағыңызда әрдайым жылулық пен жайлылық орнап, жаныңызда адал достар мен жақын адамдар болсын. Жаңа жыл құтты болсын!
Ізгі тілекпен,
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.