Электрондық кезекті енгізу аяқталуда Ресей Федерациясымен шекарада

Электрондық кезекті енгізу аяқталуда Ресей Федерациясымен шекарада

       Бүгінгі таңда Қытаймен, Өзбекстанмен, Түрікменстан және Ресей шекарада «Сargoruqsat» электрондық кезек жүйесі қолданылады.

      Қазақстан-Ресей шекарасында электрондық кезек 2023 жылдың қараша айынын бастап 24 өткізу пунктінде кезең-кезеңімен енгізілуде.

     Естеріңізге сала кетейік, «CarGoRuqsat» шекарадан өту үшін электрондық кезекті алдын ала брондауға мүмкіндік береді, бұл оның өтуінің жеделдігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді.

     Сондай-ақ «CarGoRuqsat» мемлекеттік органдардың 18 ақпараттық  жүйесіне біріктірілген, соның есебінен тасымалдаушылар айыппұлдар мен берешектердің болуы, тауарларды өткізу үшін тиісті құжаттарды ресімдеу қажеттілігі және т. б. туралы ақпаратты алдын ала алады.

     «CarGoRuqsat» қолдану қосымша арқылы да, интернет-шолғыш арқылы да қарастырылған.

     Іске қосу басталғаннан бері Қазақстан-Ресей шекарасында электрондық кезек жүйесі арқылы 88 мыңнан астам жүк автомашиналар өткен.

     Жалпы, электрондық кезек жүйесі өзінің тиімділігін көрсетеді және тасымалдаушылар тарапынан оң қабылданады.

     2024 жылғы 27 қарашадан бастап соңғы кезеңде, ең ірі автомобиль өткізу пункттерінде «CarGoRuqsat» іске қосу жоспарлануда, бұл Ресей Федерациясымен барлық шекараны электрондық кезек жүйесін қамтуға мүмкіндік береді:

     - «Жаңажол» (Солтүстік Қазақстан облысы), «Сырым» (Батыс Қазақстан облысы), «Қайрақ» (Қостанай облысы) және «Жайсан» (Ақтөбе облысы) автомобиль өткізу пункттері.

     Барлық туындаған мәселелер бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінің Сall-орталығына 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы хабарласуға болады.