2024 жылғы 14 қарашада ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Argus Media» халықаралық баға агенттігінің «Argus Орталық Азия елдеріндегі тыңайтқыштар мен күкірт нарықтары» тақырыбындағы семинарына қатысты, сондай-ақ, қазақстандық нарықтың ірі компаниялары – тыңайтқыш өндірушілері «ҚазАзот», «Қазфосфат», күкірт өндірушілері «Тенгизшевройл», «ҚазМұнайГаз» және «NCOC», қазақстандық көлік саласының өкілдері «PTC HOLDING», «Texol», «Тенгизтрансгрупп» және басқа компаниялар да қатысты.
Семинар барысында ҚР ҚМ МКК Мамандандырылған департаменті Трансферттік баға белгілеу басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Қарабаев Қазақстандағы трансферттік баға белгілеу туралы заңнаманың даму тенденцияларын егжей-тегжейлі атап өтті. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 25 наурыздағы № 68-VIII ҚРЗ Заңына енгізілген тұжырымдамалық өзгерістер туралы айтып берді.
ТМД өңіріндегі консалтинг жөніндегі Вице-президент Сергей Агибалов тыңайтқыштардың жаһандық нарығына және Қазақстанның ішкі нарығын дамыту перспективаларына шолу жасады.
Argus Ресей мен ТМД-дағы «Минералды тыңайтқыштар» бағытының жетекшісі Антон Антонов тыңайтқыштар нарығының бағасын анықтау әдістері мен практикасы туралы айтты.
Argus Consulting Services сарапшылары трансферттік баға белгілеу қажеттіліктері үшін ҚР шаруашылық жүргізуші субъектілерінің тапсырысы бойынша орындалатын көлік және ілеспе шығындарды зерттеуді қоса алғанда, Орталық Азия мен Ресей елдеріндегі тыңайтқыштар мен күкірт нарықтарын зерттеу саласындағы Argus қызметі туралы айтып берді.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен семинарға қатысушылар Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы шеңберінде минералды тыңайтқыштар мен күкірт нарығындағы ағымдағы үрдістерді, баға белгілеудің өзекті мәселелерін және реттеуші органдармен өзара іс-қимылды талқылауға бірегей мүмкіндік алды.