2024 жылғы 7-18 қазан аралығында Оқу – әдістемелік орталығы (бұдан әрі-ОӘО) 1 (бір) жылға дейінгі жұмыс өтілі бар және кәсіби даярлау курстарынан өтпеген мемлекеттік кірістер органдарына алғашқы рет қабылданған қызметкерлер үшін қашықтықтан кәсіби даярлау курсын өткізді.
Іс – шараның мақсаты - салық пен кеден саласында мемлекеттік кірістер органдарының алғаш қабылданған қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын қалыптастыру.
Курсқа тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.
Қашықтықтан оқыту курсында қатысушылар бағдарламаға сәйкес салықтық және кедендік әкімшілендіру бойынша 22 тақырыпты зерделеді.
Дәріскерлер ретінде ОӘО оқытушылар құрамы қатысты.
Ағымдағы жылдың 18 қазанында курс тыңдаушылары кәсіби даярлау бойынша қорытынды білім деңгейін анықтады.
Қорытындысында 315 қатысушы курсты табысты аяқтағаны туралы электронды куәліктер алды.