Ресей Федерациясымен шекарадағы жолды жөндеу туралы

Ресей Федерациясымен шекарадағы жолды жөндеу туралы

                     Құрметті салықтөлеушілер!

        Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылдың 7 қазанынан бастап Қазақстанмен іргелес Саратов облысындағы «Озинки» автомобиль өткізу бекетінде – Тасқала өткізу пунктінде жүк тасымалы жолағындағы жол төсеміне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланғанын хабарлайды.

      Осыған байланысты өткізу пунктінде шектеулер болуы. Жөндеу жұмыстарының аяқталуының болжамды мерзімі - 2024 жылдың 31 қазанына дейін.

      ҚР ҚМ МКК «Тасқала» автомобиль өткізу пункті арқылы мемлекеттік шекараның Қазақстан-Ресей учаскесін кесіп өтуді жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұрайды.

      Қосымша өзекті ақпарат ҚР ҚМ МКК ресми парақшаларында орналастырылады.