«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы»  Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер

Халықтың шамадан тыс несиеленуі мәселесін шешу құралдарының бірі «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Меруерт Сисембаева ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өткен баспасөз конференциясында айтып берді.

2023 жылдың 3 наурызынан бастап елімізде ҚР азаматының өзін банкрот деп тану құқығын қарастыратын заң күшіне енді.

Қарыз мәселелерін шешудің 3 рәсімі ұсынылған: соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

Соттан тыс банкроттық рәсімі банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы 1600 АЕК-тен төмен берешек (қарыз 5,9 млн. теңгеден аспайтын) бойынша қолданылуы мүмкін. Өтініш ХҚКО-да, электронды үкімет порталы (eGov.kz.), сондай-ақ e-Salyq Azamat және eGov Mobile мобильді қосымшалары арқылы беріледі.

Рәсім 6 айға созылады, оның барысында МКО борышкердің де, жұбайының да шоттарында (бірлескен мүлік ретінде) мүліктің, ірі сомадағы ақшаның болуына қаржылық мониторинг жүргізеді.

Рәсім аяқталғаннан кейін банкроттың міндеттемелері уәкілетті органның (МКБ әрекет етеді ) шешімі бойынша тоқтатылады.

19.08.2024 жылғы жағдай бойынша соттан тыс банкроттыққа 109 мыңнан астам өтініш келіп түсті.

6,3 мың азаматқа қатысты рәсім жүргізілуде.

Қаралуда 1,8 мың өтініш бар.

84,2 мың өтініш бойынша азаматтарға бас тартылды.

1,9 мың өтініш берушіге қатысты рәсім тоқтатылды.

35,0 млрд теңгеден астам сомаға 15,1 мың азамат банкрот деп танылды.

Азаматтар қаржы ұйымдарының алдындағы берешегі 1600 АЕК-тен асса және басқа да берешектердің сомасына қарамастан сот арқылы банкроттыққа өтініш бере алады (бұл сондай-ақ коммуналдық төлемдер, салық берешегі, ЖШС, жеке кәсіпкерлер алдындағы берешектер, сондай-ақ басқа да жеке тұлғалар алдындағы берешектерді қамтуы мүмкін) ең бастысы сотта осы қарыздың бар екендігін дәлелдеу қажет (нотариалдық жазба, сот шешімі, үзінді және т.б.).

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі қарыздарды төлеу үшін (5 жылға дейін) соттан бөліп төлеу жоспарларын алу мүмкіндігін қарастырады. Бұл рәсімнің артықшылығы мынада: одан кейін адам «банкрот» мәртебесіне ие болмайды, сондықтан ол банкрот үшін қарастырылған салдарға ұшырамайды. 

Сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерін қолдану үшін сотқа барлығы 3 350 азамат жүгінді, оның ішінде:

21 азамат 13,0 млрд.теңгеге банкрот деп танылды

4 адам төлем қабілеттілігін қалпына келтіруде

Ұсынылған ақпараттан көріп отырғанымыздай, Заң нормалары өзінің мақсатты аудиториясын тапты. 

Сонымен қатар, құқық қолдану тәжірибесі рәсімдерді жеңілдету қажеттілігін, сондай-ақ Заңда кейбір өрескел тұстардың болуын көрсетті.

2024 жылғы 19 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылды.

Түзетулерді енгізу мерзімі өткен міндеттемелер және мүлік болмаған жағдайда да, бірақ тұрақты кіріс болған жағдайда  төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдануға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары бекітілгеннен кейін борышкердің елден шығуына тыйым салу алынып тасталды.

Енді банктік қарыз шарттары, қарыз шарттары (кредитті) және жеке тұлғаларға микрокредит беру туралы шарттар бойынша талап ету құқықтарын иеленетін барлық ұйымдарға міндеттеме рәсімді қолдануға болады. Яғни, ұйымның мәртебесіне (лицензиясынан айырылған, тарату сатысында, тізілімнен шығарылған) және нысанына қарамастан, тиісті шарттар бойынша талап ету құқықтары болса, борышкер соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш беруге құқылы.

Осылайша, соттан тыс банкроттық рәсіміндегі жаңалықтар рәсімге қатысатын кредиторлардың тізімін кеңейтеді, бұл өз кезегінде көптеген адамдардың рәсімді қолдануына мүмкіндік береді.

Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш беру де жеңілдетілген. Борышкер өтініште кредитор туралы мәліметтерді, берешек сомасын көрсету және кез келген құжаттарды қоса беру міндетінен босатылады. Қаржы ұйымдарының алдындағы міндеттемелер туралы барлық ақпаратты кредиттік бюролар береді.

Түзетулер төлем жасамау мерзімін есептеуге ерекше назар аударады, өйткені бұл соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдерін қолдану үшін негіз болып табылады.

Түзетулер енгізілгеннен кейін 1 АЕК-тен (3 692 теңге) төмен берешек бойынша төлемдер өтеу болып есептелмейді, ал коллекторлық агенттікке тағайындалған шарттар бойынша қайтармау мерзімі соңғы төлем күнінен бастап құқықтарды (талаптарды) басқаға бергенге дейін есептеледі.

Сондай-ақ, өзгерістер банкроттық рәсімдеріне жүгінгенге дейін берешекті реттеу міндеттемесіне де әсер етті. Енді төлемдердің болмау мерзімі 12 айдан асса, қарызды реттеу талап етілмейді.

Сонымен қатар, бірқатар түзетулер қаржы басқарушыларының құқықтарын қорғауға әсер етті.

Енді сот арқылы банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және (немесе) сот арқылы банкроттық рәсімін жүзеге асырған қаржы басқарушысының сыйақысы бойынша банкроттың міндеттемесі оның толық көлемде немесе оның бір бөлігінде төленбеген жағдайда тоқтатылуға жатпайды.

Көрсетілген түзетулер ағымдағы жылдың 20 тамызынан бастап күшіне енеді.

Түзетулерді енгізу азаматтардың банкроттық рәсімдеріне жүгінуіне және төлем қабілеттілігін қалпына келтіруіне мүмкіндік береді және олардың төлем қабілетсіздігі мәселелерін шешуге көмектеседі.

Бұл түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы аясында қабылданды.

Бүгінгі күні 2024 жылғы 19 маусымда қабылданған Заңға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 2 шілдедегі № 95-р өкімін іске асыру мақсатында 3 НҚА әзірленді.

  1. «Кредиторлар талаптары тізілімінің нысандарын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрі бұйрығының жобасы
  2. «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 218 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы» ҚР Қаржы министрі бұйрығының жобасы
  3. «Борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 254 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы» ҚР Қаржы министрі бұйрығының жобасы

Өкімге сәйкес көрсетілген НҚА қабылдаудың мерзімі – 2024 жылдың тамызы.