Бүгінгі күні Қытаймен, Өзбекстанмен, Түрікменстанмен және Ресеймен шекарада «CarGoRuqsat» электрондық кезек жүйесі қолданылады.
Қазақстан-Ресей шекарасында электрондық кезек 2023 жылғы қарашадан бастап кезең-кезеңімен енгізілуде және 7 өткізу пунктінде жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, «CarGoRuqsat» шекарадан өту үшін электрондық кезекті алдын ала брондауға мүмкіндік береді, бұл оның өтуінің жеделдігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, «CarGoRuqsat» мемлекеттік органдардың 17 ақпараттық жүйесімен интеграцияланған, соның есебінен тасымалдаушылар айыппұлдар мен берешектердің болуы, тауарларды өткізу үшін тиісті құжаттарды ресімдеу қажеттілігі және т.б. туралы ақпаратты алдын ала алады.
«CarGoRuqsat» пайдалану қосымша арқылы да, интернет-браузер арқылы да қарастырылған.
Іске қосу басталғаннан бері Қазақстан-Ресей шекарасында электрондық кезек жүйесі арқылы 13 мыңнан астам жүк автомашинасы өтті.
Жалпы, электрондық кезек жүйесі өзінің тиімділігін көрсетті және тасымалдаушылар оны оң қабылдауда.
Оң нәтижелерді ескере отырып, қазақстан-ресей шекарасындағы қосымша 14 өткізу пунктінде «CarGoRuqsat» іске қосу жоспарлануда:
Электрондық кезек жүйесін басқа өткізу пункттеріне кеңейту үшінші елдерге халықаралық транзиттік тасымалдарды да қамтуға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.
Барлық туындаған мәселелер бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінің Сall-орталығына 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы хабарласуға болады.