Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – ЕАЭО КК) 38–тарауында Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын (бұдан әрі – ХТКҚ) өткізу тәртібі мен шарттарының ерекшеліктері көзделгенін хабарлайды.
ЕАЭО-ның кедендік аумағына уақытша әкелінген ХТКҚ шетелдік тауарлардың мәртебесін сақтайды және оларды әкелуді жүзеге асыратын тұлғалардың нақты иелігінде және пайдалануында болуға тиіс.
Уақытша әкелінген ХТКҚ өзге тұлғаларға, оның ішінде жалға (қосалқы жалға) беруге жол берілмейді.
Бұл ретте, ЕАЭО КК-да әкелу кезінде ЕАЭО кедендік аумағынан әкету жолымен тасымалдау операциясын аяқтау мақсатында, ХТКҚ өзге тұлғаларға берілуі мүмкін ерекше жағдайлар көзделген. Осылайша, егер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің тасымалдаушысы осындай тасымалдауды жүзеге асырса және ЕАЭО аумағында тасымалдау аяқталғаннан кейін, кері бағытта не ҚР Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін ЕАЭО-ның сыртқы шекарасы бағытында жүре отырып, уақытша әкелінген ХТКҚ-ны жүктеу арқылы жаңа тасымалдауды жүзеге асыратын болса, осы тасымалдаушыда ЕАЭО КК қолданыстағы нормаларына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет туындайды.
Сонымен қатар, ЕАЭО КК-да уақытша әкелінген ХТКҚ-ны ЕАЭО кедендік аумағынан әкету, ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы тауарларды кез келген жерде өткізуді жүзеге асыру мүмкін екені көзделген.
Осылайша, мұндай ХТКҚ ҚР Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін ЕАЭО сыртқы шекарасы арқылы әкетілген жағдайда және оларды ҚР осындай шекаралары арқылы кері уақытша әкелген кезде, ХТКҚ уақытша әкелу тәртібін реттейтін Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 қарашадағы № 511 шешіміне сәйкес, егер ХТКҚ оларды ЕАЭО кедендік аумағына әкелуді жүзеге асыратын тұлғалардың нақты иелену және пайдалануда болмаса уақытша әкелуден бас тартылады.
Осыған байланысты, а.ж. 1 шілдеден бастап ЕАЭО КК талаптарын бұзатын жоғарыда аталған тасымалдарға қатысты Қаржы министрлігі ЕАЭО КК қолданыстағы заңнамасының тиісті нормаларын қолданатын болады.