Қазақстаннан Қырғызстанға бензинді заңсыз әкету әрекеті тоқтатылды

Қазақстаннан Қырғызстанға бензинді заңсыз әкету әрекеті тоқтатылды

         2024 жылғы мамырда ҚР ҚМ МКК Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметімен және Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп "Мерке" теміржол өткізу пункті арқылы Қазақстан-Қырғыз шекарасын кесіп өту кезінде салмағы 100,2 АИ-80 маркалы бензинді тасымалдаған газ конденсаты түріндегі 2 тонна вагон-цистернасын ұстады. Бензиннің жалпы құны 9 млн. теңгеден асты.

     Осы факт бойынша Қазақстандық заңнамада көзделген тиісті шаралар қабылданатын болады.

     Естеріңізге сала кетейік, «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мұнай өнімдерін елден тыс жерлерде өткізу құқығына тек мұнай өнімдерін өндірушілер мен мұнай жеткізушілер қана ие. Өзге тұлғалардың мұнай өнімдерін республикадан тыс жерлерге өткізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ.

     Сондай-ақ, ҚР ҚМ МКК 2024 жылдың мамыр айынан бастап Қаржылық мониторинг агенттігімен әріптестікте Қазақстаннан мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің жолын кесу бойынша бірлескен    іс-шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлайды.