Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілгін қалпына келтіру және банкроттық туралы

Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілгін қалпына келтіру және банкроттық туралы

         Халықтың шамадан тыс несиеленуі мәселесін шешу құралдарының бірі «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Меруерт Сисембаева ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өткен баспасөз конференциясында айтып берді.

        Заңның негізгі ережелері

       Заңда соттан тыс банкроттығы, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы рәсімдері арқылы борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігі қарастырылған.

      Олардың ішіндегі ең сұранысы көп - соттан тыс банкроттық рәсімі, оны тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады.

      Шарттары:

     1) берешек 5,9 млн теңгеден (1600 АЕК) аспауы;

     2) 12 ай ішінде өтеу болмаған;

     3) тіркелген мүліктің, оның ішінде ортақ меншікте мүліктің болмауы керек;

     4) банкпен реттеу жүргізілді.

      Арнайы шарттар

      - АӘК алушылар үшін (мұндай азаматтар үшін 12 ай ішінде төлемеу критерий қолданылмайды);

      - бес жылдан астам берешегі өтелмеген тұлғалар үшін (мүліктің болуын тексеру және қарыз сомасына шектеулер белгіленбейді).

      Азаматтар бұл рәсімге өтініштерді халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды үкімет порталы (eGov.kz.), сондай-ақ e-Salyq Azamat немесе eGov мобильді қосымшасы арқылы бере алады.

     Осы мақсатта «Қолдау» жеке тұлғалардың банкроттығы туралы жаңа ақпараттық жүйе іске қосылды.

      Жүйе 24 мемлекеттік орган мен ұйымның деректер базасы арқылы өтініш беру және өтініш берушінің кіру критерийлеріне сәйкестігін автоматты түрде тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      Екінші рәсім: сот банкроттығы, азаматтар 1600 АЕК – тен астам (2024 жылы - 5,9 млн.теңге) және кредиторлар алдындағы борыштардың барлық түрлері бойынша борыштар бойынша қолдана алады.

       Сот банкроттығы кезінде борышкердің мүлкі сауда-саттықта сатылады.

       Бірақ мұнда да нюанстар бар. Кредитор борышкердің жалғыз тұрғын үйін сот банкроттығы барысында алып қоюға құқылы, егер ол кепіл нысанасы болған жағдайда ғана.

      Түскен қаражат белгіленген кезектілікке сәйкес кредиторлар алдындағы борыштарды өтеуге жіберіледі.

      Борыштың қалған өтелмеген сомасы борышкердің арнайы банкроттық белгілері болмаған жағдайда есептен шығаруға жатады. Яғни, ол мүлікті, ол туралы ақпаратты жасырмауы және жалған мәліметтер бермеуі керек.

      Алайда, алимент және басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген залал бойынша қарыздар, қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша залалды өтеу, сондай-ақ сот шешімі бойынша өндіріп алынатын бюджетке төленетін төлемдер есептен шығаруға жатпайтынына Сіздің назарыңызды аударғым келеді.

      Сот банкроттығы рәсімін

      * заңды тұлғалар мен ЖК банкроттық рәсімін жүзеге асыратын әкімшілер;

      * кәсіби бухгалтерлер;

      * заң кеңесшілері;

      * заудиторлар құрамына кіретін қаржы басқарушылары жүзеге асырады.

       Олардың қызметтері ақылы, борышкердің мүлкі есебінен - айына бір ең төменгі жалақы (2023 жылы бұл 85 мың теңге).  Мүлкі жоқ әлеуметтік осал адамдар үшін қаржы басқарушыларының қызметтерін мемлекет төлейді.

      Анықтама: бүгінгі күні қаржы басқарушысы ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама 204 адамда қолданылады.

      Сот банкроттығы рәсімін қолдануға 1990 адам өтініш білдірді, оның шінде 187 қарастырылуда болса, 111 сот банкроттығын қолдану бойынша  шешім шығарылды.

      Үшінші рәсім, бұл тұрақты табыс болған жағдайда сотта қарыздарды төлеуге бөліп төлеу мүмкіндігін (5 жылға дейін) көздейтін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі. Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сотта бекітіледі.

      Бұл ретте барлық міндеттемелерінің мөлшері (оның ішінде орындау мерзімі келмеген) өзіне тиесілі мүліктің құнынан аспайтын борышкер төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы өтінішпен ғана сотқа жүгінуге құқылы.

      Бұл процедураның артықшылығы - одан кейін адам «банкрот» мәртебесін алмайды, сондықтан оған банкрот үшін көзделген салдарлар қолданылмайды.

      Анықтама: төлем қабілеттігін қалпына келтіру рәсімін қолдануға 391 адам өтініш білдірді, оның шінде 25 қарастырылуда болса, 3 : төлем қабілеттігін қалпына келтіру рәсімін қолдану бойынша шешім шығарылды.

    Банкроттықтан кейін пайда болатын салдарға назар аударамыз:

     Сот, сондай-ақ соттан тыс банкроттықты қолданатындар:

     * 5 жыл ішінде банктерден және микроқаржы ұйымдарынан кредиттер ала алмайды (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа);

     * 7 жылдан кейін ғана қайта банкроттыққа ұшырай алады;

    * олардың қаржылық жағдайы банкроттықтан кейін 3 жыл бойы тексеріледі.

     Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру кезінде мұндай салдар болмайды.

      Статистика:

       2023 жылдың 3 наурызынан бастап соттан тыс банкроттық рәсіміне 100,1 мыңнан астам өтініш келіп түсті:

       - 77,8 өтініш бойынша бас тартылды – (берешек сомасы және мерзімі сәйкес келмеуі, берешекті өтеу туралы құжаттың болмауы);

      - 1 642 азамат бойынша рәсім тоқтатылды;

      - 12 553 азамат банкрот деп танылды – 26,9 млрд.теңге сомаға;

      - 6 419 азаматқа қатысты рәсім жүргізілуде;

      - 1 569 өтініш мемлекеттік кірістер органдарында қаралуда.

      Барлығы банкрот деп танылған 11 781 азаматтың ішінде АӘК алушы 1,2 млрд теңге қарызы бар 1 079 азамат. 5 жылдан астам орындалмаған міндеттемелері бойынша 5 811 азамат банкрот деп танылып, олар бойынша 17,2 млрд теңгеден астам қаражат есептен шығарылды.

      Сот банкроттығы рәсімін және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдануға 2,5 мыңнан астам азамат жүгінді. Рәсім 150 борышкерге қатысты жүргізілуде. 9 азаматтың төлем қабілеттілігі қалпына келтірілуде.

      Айта кету керек, Заңда ұсынылған рәсімдер өзекті, бірақ бар кедергілерге байланысты жеке борышкерлер оларды қолдана алмайды.

      Парламент Сенатында «Кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралып жатыр, оның аясында «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілуде (24 бапқа 44 өзгерту). Түзетулер келесі мәселелерді шешуге бағытталған:

       1-мәселе. Кредитормен борышты реттеу туралы құжатты қосымша ұсыну міндеттілігі;

       Шешім: Депутаттар өтініш берген кезде азаматқа осы құжатты қоса беру талап етілмейтін норманы талқылап, қабылдады. Енді барлық қаржы ұйымдары жүргізілген реттеу туралы мәліметтерді кредиттік бюроларға жіберуге міндетті болады.

      2-мәселе. Азаматтың өтініш берген кезде кредиторлар алдындағы борыштың нақты сомасын, сондай-ақ кредитордың атауын білмеуі (жүргізілген қайта құрылымдауға байланысты)

       Шешім: Депутаттар өтінішті толтыру кезінде бәрін көрсетудің қажеті жоқ деген норманы мақұлдады, бұл мәліметтер кредиттік бюролар базасынан алынады.

       3-мәселе. Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға болатын қаржы ұйымдарының тізімінде кредитордың болмауы;

       Шешім: Депутаттар соттан тыс банкроттықтағы кредиторларының тізбесіне жұмыс істеп тұрған қаржы ұйымдарымен қатар барлық банк операцияларын жүргізуге, микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензияларынан айырылған, не микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің тізілімдерінен шығарылған, оның ішінде таратылған, тарату сатысындағы ұйымдар, сондай-ақ қарыз банктік шарттары бойынша талап ету құқықтары тиесілі, қарыз (кредит) шарттарына және жеке тұлғаларға микрокредит беру туралы шарттарға өзге де ұйымдар да кіретін норманы қабылдады.

       4 - мәселе. Кредитордың қарызды біржақты тәртіппен қайта құрылымдауын жүргізу (коллекторларға беру) немесе берешекті өтеу есебіне аз мөлшерде ақшалай сомалардың түсуіне байланысты 12 ай төлемнің болмауы жоқ болуы

       Шешім: енді, өтеу ретінде айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінен асатын сомадағы төлем болып есептеледі (ұсақ түсімдер есепке алынбайды), сондай-ақ өтеудің болмау мерзімі, егер коллекторлық агенттік төлемнің болмауының өзге мерзімін растамаған жағдайларды қоспағанда, коллекторлық агенттікке талапты бергенге дейін соңғы төлем жасалған күннен бастап есептелінетін болады.

       5 - мәселе. Екі кредиттік бюроның деректер базасында бар мәліметтердің сәйкес келмеуі

      Шешім: Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп, азаматтардың соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініштерін қарау кезінде келесі деректерді басымдық деп санау туралы шешім қабылданды:

      - «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ – кредиттік бюролар мәліметтерінің сәйкессіздігі анықталған кезде;

      - «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС – «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ деректерінде кредиттер бойынша мәліметтер болмаған кезде.

       Мәселе 6. Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану кезеңінде борышты реттеуді жүргізу, рәсімде кредитор болып табылмайтын басқа тұлғаларға (арнайы қаржылық компаниялар, лицензиясынан айырылған ұйымдар және т. б.) өндіріп алуға беру

       Шешім: Заңның 17 және 22-баптары (рәсімдерді қолдану салдары) жаңа тармақшамен толықтырылды. Оған сәйкес кредиторға «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Микроқаржы қызметі туралы» және «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген реттеу және өндіріп алу шараларын қолдануға тыйым салынады

       Мәселе 7. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімінде шет елдерге шығу шектелуі (5 жылға дейін) және қолдану негізі ретінде ұзақ мерзімде төлемінің болмау қажеттілігі (12 айдан астам)

       Шешім: талқыланатын түзетулер бойынша төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін негіздерден 12 ай ішінде кредиторлар алдында өтеудің болмау фактісі алынып тасталды, сондай-ақ төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары бекітілгеннен кейін борышкердің елден тыс жерге кетуіне тыйым алынып тасталды.

       Қолданыстағы Заңға өзгертулерге тоқталсақ, аталған өзгерістерден басқа, түзетулер;

      - қаржы басқарушыларының да қызметіне қатысты. Атап айтқанда, енді уәкілетті орган оны тағайындап қана қоймай, қызметте бұзушылықтар анықталған жағдайда шеттете алатын болады.

     - қаржы басқарушысының өз сыйақысын алудағы құқықтарын қорғайтын түзетулер көзделген – банкроттың тоқтатылуға жатпайтын міндеттемелерінің тізбесі жаңа тармақпен толықтырылды: рәсімді жүргізген қаржы басқарушысының сыйақысы оның толық көлемде немесе оның бір бөлігінде төленбеген жағдай қосылды;

      - соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануүшін жұбайының келісімінің қажеттілігі орнатылды;

      - соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы кредиторды ескерту қажеттілігі алынып тасталды.